Құрметті Зифа Кәкбайқызы!

ҚазПРЯЛ басшылығы және мүшелері Сізді «Үздік оқытушы 2023» атағын жеңіп алуыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Филология ғылымын зерттеу және оқыту Сіз үшін өмірлік іс, кәсіп және асыл миссия болды. Үлкен ғалым лингвист, Сіз отандық тіл білімі ғылымының дамуына баға жетпес үлес қостыңыз, Қазақстанда және шетелде үлкен беделге ие болдыңыз. Бірқатар оқушылар мен ізбасарлар тәрбиеледіңіз.

Сіздің ғылыми еңбектеріңіз — қазіргі тіл білімінің ең күрделі мәселелеріне терең, дара көзқарастың үлгісінің, олар үшін нақты, жан-жақты шешімдер таба білудің айқын көрсеткіші. Бәріміз Сізді керемет маман ретінде ғана емес, сонымен қатар талантқа бай, қаламына шебер адам ретінде білеміз. Бұл Сіздің нағыз академиялық ғалым екеніңізді дәлелдейді, өскелең буынға үлгі етеді.

Сізге, құрметті Зифа Кәкбайқызы, жақсы көңіл-күй, зор денсаулық, амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - otkrlec0423_02-1-1024x685.jpg

Фотографияның көзі

Халықаралық конференция

2020 жылдың 5-7 қазан аралығында ұстаз Э.Д. Сүлейменованың Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі педагогикалық қызметінің 50 жыл және туғанына 75 жыл толуына орай “Қазіргі тіл білімінің көкжиегі: трендттер мен ғылыми диалог” атты халықаралық конференция өтеді.